Мұнай Brent: 82.730 от 11.05.24 (21:31)
KAZENERGY қауымдастығы Төрағасының Орынбасары
KAZENERGY қауымдастығы Төрағасының Орынбасары
СӘРСЕНОВ ЖАМБОЛАТ ЖАҚИЯҰЛЫ

1961 жылғы 21 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында дүниеге келген. 

Білімі
Шымкент қ. №1 ОМ түлегі (1978 ж.);
1985 жылы И.И. Мечников атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік медициналық академиясын тәмамдады;
2003 жылы Алматы қ. Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық институтын тәмамдады, мамандығы – «Мемлекеттік және жергілікті басқару»;
2003 жылы Италияның Милан қ. «Master of Petroleum Businesses» мамандығы бойынша мамандандырылған даярлық курсынан ойдағыдай өтті;
2005 жылы Астана қ. Еуразия ұлттық университетінің Дипломатиялық академиясын тәмамдады, мамандығы – «Халықаралық қатынастар».


Еңбек қызметі  

1990 жылдардың басында бірқатар кәсіпкерлік құрылымдарын құрды, өндірістік кәсіпорындарды басқарды;
2002 жылғы қаңтар айынан бастап «Мұнай және газ тасымалдау» Ұлттық Компаниясы» АҚ жүйесінде және әрі қарай «ҚазМұнайГаз» АҚ-да әртүрлі жауапты лауазымдарды иемденді;
2003 жылға дейін «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ көлік инфрақұрылымы және сервистік жобалар жөніндегі атқарушы директоры болып жұмыс істеді;
2003-2004 жылдар - «ҚазМұнайГаз» Сауда үйі» ЖАҚ бас директоры;
2004-2005 жылдар - «ҚазРесГаз» АҚ бас директоры;
2005 жылғы желтоқсан айынан бастап - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ аппаратының басшысы;
2005 жылғы желтоқсан айында «KAZENERGY» мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қазақстандық қауымдастығы» ЗТБ бас директоры болып тағайындалды;
2012 жылғы қараша айында Қауымдастық Төрағасының Орынбасары қызметіне ауысты;
2013 жылғы наурыз айында Энергетикалық Хартия жөніндегі Конференция Төрағасының орынбасары болып тағайындалды;
2015 жылғы қазан айынан бастап осы уақытқа дейін – «Медикер» ЖШС Байқау кеңесінің төрағасы;
2016 жылғы мамырдан бастап осы уақытқа дейін «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасының Фармацевтика, медицина өнеркәсібі мен медициналық қызметтер комитетінің төрағасы


Халықаралық және қоғамдық қызмет
WPC (Дүниежүзілік мұнай кеңесі), Маркетинг жөніндегі вице-президент (2017) және Атқару комитетінің мүшесі;
WEC (Дүниежүзілік энергетикалық кеңес), Әлемдік энергетика көшбасшылары саммиті (World Energy Leaders’ Summit) жаһандық әріптесі;
ҚР СІМ жанындағы Қоғамдық кеңес мүшесі (2016);
Energy Charter Secretariat (Энергетикалық Хартия Секретариаты), Бас Хатшының арнайы елшісі (Special Envoy) (2015);
Қазақстан-Венгрия Іскерлік Кеңесі, тең төраға (2013);
Қазақстан Бокс Федерациясы, Атқару комитетінің мүшесі (2008);
Қазақстан гольф федерациясы, Кеңес мүшесі (2000);
ҚР Мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайы, Қамқоршылық Кеңесінің мүшесі (2014);
Венгрияның Қазақстан Республикасындағы құрметті консулы (2016 ж.)


Марапаттары 
«Парасат» ордені (2015);
«Құрмет» ордені (2010);
«Рыцарлық Крест» Ордені (Венгрия) (2017);
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі (2011);
«Астанаға 10 жыл» медалі (2008);
«Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» медалі (2005);
I дәрежелі «Атамекен» медалі (2009);
І дәрежелі «Атамекен» медалі (2009);
«KAZENERGY 10 жыл» медалі (2015).


Қосымша ақпарат  
Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.
Әуестігі: гольф, тау шаңғысы, үлкен теннис, коллекциялау.
Үйленген, төрт баланың әкесі.