- Қауымдастық
- Баспасөз орталығы
- Қызметтері
- Мұнай мен газ
- Электр энергетикасы
- Экология және қоршаған ортаны қорғау
- Салық салу
- Техникалық реттеу
- Адами капиталды дамыту
- Білім беру бағдарламасы
- НҚА жобаларының базасы
- Халықаралық ынтымақтастық
- KAZENERGY форумы
- Аналитика
- Ұлттық энергетикалық баяндама
- Энергия тиімділігіне шолу жасау
- Әлеуметтік жауапкершілікке шолу
- "Тәуелсіз Қазақстанның мұнай-газ саласы" кітабы
- Оқиғалар
Электр энергетикасыСаланың жағдайы
Қазақстандық электр энергетика кешенін тұрақты дамыту және қуаттылықты тұрақты өсіру республиканың басты міндеттерінің бірі болып табылады. Халықтың, сол сияқты бизнестің де ішкі қажеттіліктерін тиімді қанағаттандыру, сонымен қатар ел экономикасының әрі қарайғы тұрақты прогресі және электр энергиясын экспорттауға арналған мүмкіндіктерді ұлғайту электр энергетикасымен тығыз байланысты.
Саланың ағымдағы жай-күйіне жасалған талдаулар электр энергетикасының қолда бар даму әлеуетін барынша көптеп пайдалану қажет екенін, сонымен қатар электр станциялары мен желілері жабдықтарының тозуын азайту мәселелерін шешу, саланың инвестициялық тартымдылығын жоғарылату қажеттігін көрсетті. Қазіргі уақытта көмірді пайдаланып электр энергиясын өндіру 69 % құрайды, ал газдың үлесі 20 % және мұнай өнімдерінің (мазут) үлесі – 2 % (ЖЭО пайдаланылады), гидроэнергетика 9% энергия өндірсе, жаңармалы энергия көздерінің үлесі – небары 1%.
бүгінде Қазақстандағы электр энергиясын әртүрлі меншік нысанындағы 76 электр станциясы жүзеге асырады. Қазақстанның электр станцияларының жалпы белгіленген қуаттылығы 20 844 МВт, қолда бар қуаттылық шамамен 16 945 МВт.
Ұлттық мәндегі электр станцияларына электр энергиясын өндіретін және оың көтерме сауда нарығында сатылуын қамтамасыз ететін ірі жылу электр станциялары жатады:
- «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС;
- «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ;
- «Еуроазиялық Энергетикалық Корпорация» АҚ (Ақсу ГРЭС);
- «Қазақмыс корпорациясы» ГРЭС ЖШС;
- «Жамбыл ГРЭС» АҚ.
- «Қазмырыш» АҚ Бұқтырма ГЭК,
- «AES Өскемен ГЭС» ЖШС,
- «AES Шульбинск ГЭС» ЖШС.
- «Қарағанды-Жылу» ЖЭО-3 ЖШС;
- ПВС ЖЭО, ЖЭО-2 «Арселор Миттал Теміртау» АҚ;
- Рудный ЖЭО («ССГПО» АҚ);
- Балқаш ЖЭО, Жезқазған ЖЭО «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС;
- Павлодар ЖЭО-1 «Қазақстан алюминий» АҚ;
- Шымкент ЖЭО-1,2 және басқалары.
Қазақстанда елдің электр энергетикалық жүйесін жаңарту бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Қазақстанда электр энергиясын өндіру үшін қолдағы қуаттылықтың 20 % дерлігі 1970 жылдарға дейін пайдалануға берілгендіктен, елді (практикалық және экономикалық тұрғыда мақсатқа лайық болған жағдайда) электр станцияларда отын ретінде (үлесі шамамен 70% құрайтын) жаппай көмір пайдаланудан газды, жаңармалы көздерді және атом энергиясын кеңінен қолдануға негізделген әртараптандырылған схемаға көшіруге мүмкіндік бар.
Электр энергиясы нарығының моделін жетілдіру бойынша жұмыстар шеңберінде 2014 жылғы маусымда «2030 жылға дейін Қазақстан Республикасының отын-энергетика кешенін дамыту тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы қабылданды. - Баспасөз орталығы