- Қауымдастық
- Баспасөз орталығы
- Қызметтері
- Мұнай мен газ
- Электр энергетикасы
- Экология және қоршаған ортаны қорғау
- Салық салу
- Техникалық реттеу
- Адами капиталды дамыту
- Білім беру бағдарламасы
- НҚА жобаларының базасы
- Халықаралық ынтымақтастық
- KAZENERGY форумы
- Аналитика
- Ұлттық энергетикалық баяндама
- Энергия тиімділігіне шолу жасау
- Әлеуметтік жауапкершілікке шолу
- "Тәуелсіз Қазақстанның мұнай-газ саласы" кітабы
- Оқиғалар
KAZENERGY қауымдастығының Баспасөз қызметі
KAZENERGY қауымдастығының Баспасөз қызметі
2019 жылғы 4 қазанда сағат 10.00-де Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде (бұдан әрі - АӨМУ) АӨМУ Кәсіптік даму және мансап орталығының қолдауымен KAZENERGY қауымдастығының атқарушы директоры Ляззат Ахмурзинаның «Тау ісі», «Мұнай-газ ісі», «Органикалық емес заттардың химиялық технологиясы», «Органикалық заттардың химиялық технологиясы», «Экология», «Биология», «Физика», «Математика», «Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламаларының 2-4 курс студенттері мен магистранттарымен кездесуі өтті.
Университет проректоры Р.Бекназаровпен және студенттермен кездесу барсында Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В. қолдауымен KAZENERGY қауымдастығының «StudentDigitalFest» атты байқауы ұсынылды.
«StudentDigitalFest» жаңа байқауы 2019 жылғы 24 қыркүйекте өткізілген «Жастар және заман талабы» XI Жастар форумының шеңберінде таныстырылды.
Бұдан басқа студенттер білім беру гранттары мен стипендияларын іске асыру, сондай-ақ инновациялық жобалар арқылы жастардың әлеуетін дамыту мақсатында өткізілетін байқаулар арқылы студент жастарын қолдауға бағытталған KAZENERGY қауымдастығының қызметімен танысты.
StudentDigitalFest байқауының мақсаты – мұнай-газ және энергетика салаларын цифрландыру саласында технологиялық шешімдерді әзірлеу бойынша жастардың инновациялық жобаларын қолдау.
Байқауға Қазақстанның ЖОО-ның техникалық мамандықтарында оқитын бакалавриат пен магистратура студенттері қатыса алады.
АӨМУ Қазақстанның белсенді ЖОО бірі және KAZENERGY білім беру бағдарламасының белсендісі болып табылады. Биыл ЖОО 24ELEMENT атты командасы Нұр-Сұлтан қаласында «Жастар және заман талабы» XI Жастар форумының алаңында өткен «Student Energy Challenge» зияткерлік командалық байқауына қатысып, жартылай финалға шықты.
KAZENERGY стипендиялық бағдарламасы шеңберінде 2019-2020 оқу жылына бөлінген 705 гранттың 19-ына АӨМУ студенттері ие болып отыр.
Кездесу аяқталған кезде ЖОО басшылығы Қауымдастықтың бастамаларын қолдай отырып, бірлескен жұмысқа дайын екендігін айтты.
StudentDigitalFest байқауының шарттарымен www.kazenergy.com сайтында – Білім беру бағдарламасы – Конкурстар бөлімінде танысуға болады
- Баспасөз орталығы