Мұнай Brent: 89.2930 от 27.04.24 (20:25)

Student Energy Challenge-2020 байқауының жеңімпаздары жарияланды

Student Energy Challenge-2020 байқауының жеңімпаздары жарияланды
Конкурс-SECH-2020-лого-каз.jpg
Student Energy Challenge 2017 жылдан бастап «KAZENERGY» қауымдастығы «Шелл Қазақстан Б.В.» компаниясымен серіктесе отырып және оның қаржылық қолдауымен өткізіп келеді.

2020 жылдың 8-9 қазан күндері «Student Energy Challenge» зияткерлік байқауының виртуалды алаңында 2020 жылғы маусымның финалы өтті. Жобалар қорғалған осы екі күннің қорытындысы бойынша байқау жеңімпаздары анықталды.

Байқау тарихында алғаш рет финал онлайн режимде өтті. Екі күн бойы командалар өз жобаларын таныстырды және басқа да қатысушылардың өнерін тамашалады. Коронакризис салдарынан қалыптасқан күрделі жағдайларда байқаудың барлық кезеңдерін еңсере отырып, 14 команда финалға жетті, олар өздерінің жоғары ұйымдастырушылық деңгейін және өз жобаларын қорғауға дайындығын көрсете білді.

«KAZENERGY» қауымдастығының Бас директоры Б. У. Ақшолақов командалар мен қазылар алқасы мүшелеріне арнап алғыс сөз сөйледі, ол байқаудың жыл өткен сайын студенттер арасында танымалдылыққа ие бола отырып, еліміздің жас ұрпағының зияткерлік әлеуетін көрсететін алаңға айналып келе жатқанын атап өтті.

Жыл сайын ұйымдастырушылар байқауға арналған апгрейттерді қарастырады, оған, бірінші кезекте, жаңа идеяларды әзірлеуге арналған бағыттар мен өзекті тақырыптар жатады.

Биылғы жылы жобаларда экология, мұнай және газ өңдеудің технологиялық процестерін жетілдіру, энергия тиімділігін арттыру, ІТ-технологиялар және т.б. салалардағы міндеттерді шешу ұсынылды. Қазылар алқасы келесі жылдың тақырыптарын агроөнеркәсіптік кешен мен медицинадағы инновацияларды дамыту мәселелерімен кеңейтуді ұсынды.

Биылғы жылы байқаудың қазылар алқасының құрамы кеңейтілді. Қазылар алқасының төрағасы, «Каспий Құбыр Консорциумы-К» АҚ Бас директорының орынбасары Қ.М.Қабылдин байқаудың төрешілер құрамын төртінші рет басқарып отыр, ол барлық командаларға өз идеяларымен жұмыс істей жүріп, келесі жылы өздерінің жаңа әзірлемелерімен конкурс алаңына оралыңдар деп тілек тіледі.
«Шелл Қазақстан» концерні төрағасының орынбасары К.К Келжанов және «Шелл Казахстан Б.В.» қаржы директоры Берта Хазелаар байқауға алғашқы күннен бастап төрешілік етті және олар командалық жобаларға оң баға бере отырып, жобалардың биылғы жылы өзектілігін атап өтті.

Жыл сайын таланттар байқауына «Ғылым қоры» АҚ, Қор Төрағасының орынбасары Б. К.Саркеев қолдау жасайды, ол студенттер ұсынған жұмыстарда елеулі ғылыми негіз бар екенін атап өтті және студенттерге ғылым саласында еңбек етуді жалғастыру және осындай барлық алаңдарға қатысу жөніндегі өзінің ізгі тілегін білдірді.

Байқаудың тұрақты серіктесі, «Самұрық-Энерго» АҚ қауымдастығының мүшесі, «Генерация және отын» департаментінің директоры Б.К.Исенов балаларға өз идеяларын одан әрі дамытуда табыс тіледі.

Қазылар алқасының мүшесі ретінде алғаш рет мұнай индустриясының ардагері М.Х.Таренов қатысты, ол қазіргі заманғы отандық мұнай индустриясының негізін қалаушылардың бірі ретінде болашақ мамандарға жылы лебізін білдіріп, байқауға одан әрі өркендеу тіледі.
«Astana Hub» IT-стартаптар халықаралық технопаркі» корпоративтік қорының Басқарушы директоры М.А.Сихаев жобалардың тиімділігін атап өтіп, бес команданы - FARMer-Қазақстан-Британ техникалық университеті, EMG team - Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, Kókjiek-Satbayev University, Refillme және Naizagai-Назарбаев Университетін «Astana Hub» инкубациялық бағдарламаларына қатысуға шақырды.

«Student Energy Challenge» -2020 жеңімпаздары болып төмендегілер жарияланды:
1-орын: Назарбаев Университетінің «Naizagai» командасы
2-орын: Назарбаев Университетінің «Refillme» командасы
3-орын: С.Торайғыров ат. Павлодар мемлекеттік университетінің «AirFlux» командасы.

Байқаудың жүлде қоры былайша бөлінді:
1-орын – 10 000 АҚШ доллары; 2-орын – 5 000 АҚШ доллары; 3-орын – 3 000 АҚШ доллары.

Біз байқаудың барлық қатысушыларына алғыс айтамыз және осы жылдың жеңімпаздарын құттықтаймыз!
Байқаус туралы ақпаратпен толығырақ мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.kazenergy.com/ru/operation/educational-program/156/1099/

IMG-9233@.jpg

image0@.jpg

IMG-9240@.jpg
Комментарий