Мұнай Brent: 89.293 от 28.04.24 (11:17)

KAZENERGY қауымдастығының бас директоры Болат Ақшолақов KIOGE компаниясының «Мұнай-газ саласының жаңа болашағы: өзгерістер дәуірі» атты онлайн-конференциясына қатысты (30 қыркүйек - 1 қазан 2020 ж.)

KAZENERGY қауымдастығының бас директоры Болат Ақшолақов KIOGE компаниясының «Мұнай-газ саласының жаңа болашағы: өзгерістер дәуірі» атты онлайн-конференциясына қатысты (30 қыркүйек - 1 қазан 2020 ж.)
KAZENERGY бас директоры конференция қатысушыларына өзінің құттықтау сөзінде: «дағдарыс энергия ресурстардың жағдайын айтарлықтай өзгертті, көптеген мүдделі тараптар қалыптасқан жағдай неғұрлым жылдам энергетикалық ауысуға ықпал етуі тиіс екендігіне нық сенеді, және біз көптеген компаниялардың ғылымды қажетсінетін өндірістерді дамыту, өңдеу технологиясын инновациялық дамыту арқылы көміртекті-бейтарап болашақ үрдісін ұстанатынын көріп отырмыз», - деп атап өтті.

Акчулаков@.jpg

Ақшолақов биыл алғаш рет онлайн форматта өткізіліп отырған конференция еліміздің мұнай-газ секторындағы болашақ жобалар үшін қолжетімді әрі жемісті алаңға айналатынына сенім білдірді.

Осыған байланысты KAZENERGY Еуразиялық форумы мен KIOGE Қазақстандық халықаралық көрме мен конференциясының ұйымдастырушылары болып табылатын KAZENERGY мен қазақстандық «ITECA» көрме компаниясының жалғасып жатқан ынтымақтастығы өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер туғызады және конференцияның барлық қатысушыларының қызығушылығын арттырады. Өйткені, осы екі оқиғаның мақсаты – елдің энергетикалық саласын дамытудың маңызды мәселелерін талқылау, салаға инновациялық технологиялар мен инвестициялар тарту.

Айта кетейік, екі күн ішінде KIOGE «Мұнай-газ саласының жаңа болашағы: өзгерістер дәуірі» атты онлайн-конференция алаңында Қазақстандағы және әлемдегі саланың ағымдағы жай-күйі, ірі компаниялардың пандемиядан кейінгі даму стратегиясы мәселелері талқыланады; НКОК операторымен мұнай жобаларын жергілікті қамту шеңберінде мақсаттар мен бастамаларды іске асыру мәселелері қаралады. Конференция аясында «Мұнай өндіруден – мұнай химиясына, шикізаттық емес мүмкіндіктерге және жасыл дамуға баса назар аудару», сондай-ақ «Цифрлық шешімдердің көмегімен мұнай-газ компанияларының шығыстарын оңтайландыру» атты екі панельдік пікірсайыс өтеді.

Конференцияға ҚР Энергетика министрлігінің, «Атамекен» ҰКП өкілдері, еліміздің ірі мұнай-газ өндіруші және мұнай сервистік кәсіпорындарының, қазақстандық мұнайшы-геологтар қоғамының және бірқатар ірі шетелдік энергетикалық және ақпараттық компаниялардың басшылары қатысады.
Комментарий