Мұнай Brent: 89.293 от 28.04.24 (22:34)

2021 жылы Нұр-Сұлтанда Дүниежүзілік энергетикалық апталық өтеді: Болат Ақшолақов ДЭК ұлттық комитеттерінің мүшелерін Қазақстан астанасына шақырды.

2021 жылы Нұр-Сұлтанда Дүниежүзілік энергетикалық апталық өтеді:
Болат Ақшолақов ДЭК ұлттық комитеттерінің мүшелерін Қазақстан астанасына шақырды.
6 қазанда Дүниежүзілік энергетикалық кеңестің (ДЭК) Атқарушы Ассамблеясының кезекті отырысы өтті, оған атқарушы комитеттің Төрағасы Жан-Мари Догер (Jean-Marie Dauger), Бас хатшысы Анджела Уилкинсон (Angela Wilkinson) және ДЭК басқа да қатысушылары қатысты.

Кездесуде KAZENERGY қауымдастығының Бас директоры Болат Ақшолақов Қазақстанның Ұлттық комитеті атынан сөз сөйледі. Ол «Орталық Азиядан келген кеңестің жалғыз өкілі бола отырып, ҚҰК халықаралық өңірлік өзара іс-қимылдың маңыздылығын мойындайтынын» атап өтті.

Осыған байланысты «Қазақстан астанасында Дүниежүзілік энергетикалық апталықты өткізуді біз өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды қатысушысы болып табылатын еліміздің белсенді рөлін тану ретінде қарастырамыз». Бұл оқиға келесі жылы Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтетін Қазақстан үшін де маңызды болып табылады.

Сонымен бірге, пандемияның өршуіне байланысты жағдай ұйымдастырушыларға өткізу форматына қатысты көптеген сұрақтар туғызып отыр. Сын–қатерлерді назарға ала отырып, Қазақстанның ұлттық комитеті интеграцияланған форматта-off – line-on-line-энергетикалық апталық өткізуге дайын. Қатысушыларға барлық іс-шараларға қол жеткізуге мүмкіндік беретін заманауи диджитал құралдары бірінші орынға шығатыны сөзсіз. ДЭК Хатшылығымен тығыз байланыста барлық ұйымдастырушылық мәселелер пысықталатын болады. Мұндай тәсіл пандемияның адамдар мен іс-шаралардың қауіпсіздігіне әсерін барынша азайтуға, барлық қажетті қорғау шараларын сақтауға мүмкіндік береді.

Келесі аптаны 2021 жылы Қазақстанда өткізу қатысушыларға жаңа мүмкіндіктерге толы Орталық Азияның тарихи ерекше өңірін ұсынбақ. «Сіздер қаламыздың, әсіресе Қазақстанның шексіз энергиясының қайнар көзі болып табылатын біздің адамдардың өмірлік күшін, жаңашылдығын және шығармашылық әлеуетін бағалайсыздар деп үміттенеміз», - деді Ақшолақов қатысушыларға.
Қатысушылар Қазақстанның ұлттық комитеті өкілінің сөзін үлкен қызығушылықпен тыңдап, біздің іс-шараға үлкен қызығушылық танытты және өз қолдауын білдірді.

Анықтама:
Дүниежүзілік энергетикалық кеңес — ірі энергетикалық халықаралық үкіметтік емес ұйым. ДЭК құрамына мемлекеттік билік органдарын, өнеркәсіптік және сараптамалық ұйымдарды қоса алғанда, 90-нан астам ұлттық комитеттер, әлемнің 90 еліндегі 3 000 ұйым-мүше кіреді. 1923 жылы негізі қаланған ДЭК қызметі әлемнің барлық елдері мен өңірлерінің барынша игілігі үшін экономикалық дамуға және энергетикалық ресурстарды бейбіт пайдалануға жәрдемдесуге бағытталған.

GoToWebinar-016@.jpg
Комментарий