Мұнай Brent: 89.2930 от 27.04.24 (22:34)

Student Energy Challenge-2020 байқауының анонсы

Student Energy Challenge-2020 байқауының анонсы
«Student Energy Challenge» байқауының тарихында алғаш рет жобаларды қорғау 2020 жылғы 8-9 қазанда онлайн режимінде өтеді.
«Student Energy Challenge» байқауын «KAZENERGY» қауымдастығы 2017 жылдан бастап «Шелл Қазақстан» компаниясының қаржылық қолдауымен және серіктесе отырып (бұдан әрі – Ұйымдастырушылар) өткізіп келеді.

Байқау энергетикалық міндеттердің инновациялық шешімдерін ұсынатын студенттік жобаларды қолдауға бағытталған.

Қалыптасқан жаһандық жағдайға байланысты Ұйымдастырушылар байқау шарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Бұл ретте еліміздің барлық оқу орындарында қашықтан оқыту режимі, жобаларды қорғау кезінде (ағымдағы жылдың күзінде) оқу процесіне барынша аз араласу, ең бастысы, қауіпсіздік шараларын сақтау және Конкурсқа қатысушылардың денсаулығын қорғау ескерілді.

Байқаудың тақырыптары:
  • тау-кен өндіру және өңдеу салаларында тиімділікті арттыру;
  • экология /денсаулық қорғау;
  • электр энергетикасы /жаңартылатын және баламалы энергия көздері;
  • өндіруші салаларда цифрлық технологиялар мен тиімді инновациялық шешімдерді енгізу.

Мәреге Қазақстанның 8 жоғары оқу орнынан, Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Павлодар және Орал қалаларынан 14 команда шақырылды.

Байқауға топ мүшелері, ғылыми жетекшілер-топ кураторлары, қазылар алқасының мүшелері, байқаудың демеушілері мен ұйымдастырушылары қатысады.

Командалық жұмыстарды төмендегі білікті қазылар алқасы бағалайды:
  1. Таренов Мұрат Халилұлы «Мұнай-газ кешені ардагерлерінің одағы» АҚҰ мүшесі
  2. Қабылдин Қайыргелді Мақсұтұлы «Каспий Құбыр Консорциумы-К» АҚ Бас директорының орынбасары
  3. Келжанов Құралбек Қошкелдіұлы «Шелл Қазақстан» концерні Төрағасының орынбасары
  4. Берт Хазелаар Бас менеджер/ «Шелл Қазақстан» компаниясының қаржы директоры
  5. Саркеев Бақытжан Құрманбайұлы «Ғылым қоры» АҚ Төрағасының орынбасары
  6. Сихаев Марлен Айдарұлы «Astana Hub» халықаралық ІТ-стартаптар технопаркі» корпоративтік қорының басқарушы директоры
  7. Исенов Бағлан Кәкімжанұлы «Генерация және Отын» департаментінің директоры, «Самұрық-Энерго» АҚ
Байқаудың жүлде қоры:
1-орын – 10 000 АҚШ доллары
2-орын – 5 000 АҚШ доллары
3-орын – 3 000 АҚШ доллары

Байқау туралы ақпаратпен толығырақ мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.kazenergy.com/kz/operation/educational-program/157/1859/ 1@.jpg
Комментарий