Мұнай Brent: 83.8350 от 09.05.24 (10:40)
Жер қойнауын пайдаланушылардың қаражаты есебінен білім алу (NCOC N.V., KPO B.V. компанияларының қаражаты есебінен берілетін білім гранттары)

Солтүстік-Каспий және Қарашығанақ жобаларының қаражаты есебінен білім гранттары

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, «PSA» ЖШС, НКОК Н.В., «КПО Б.В.» және «KAZENERGY» қауымдастығы арасындағы 2018 жылғы 29 қыркүйекте қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде жыл сайын Солтүстік Каспий және Қарашығанақ жобалары шеңберінде бөлінетін қаражат есебінен оқу ақысын төлеуге кандидаттарды іріктеу жүргізіледі.

Жер қойнауын пайдаланушылар бөлетін қаражат есебінен оқу ақысын төлеуге кандидаттарды іріктеу конкурсына Қазақстан Республикасының төмендегі азаматтары қатыса алады:   
  • 1) жалпы білім беретін мектептердің түлектері (оның ішінде шағын комплектілі мектептер, гимназиялар, лицейлер, бейіндік мектептер);
  • 2) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында (оның ішінде негізгі орта және (немесе) жалпы орта білім базасында училищелерде, колледждерде және жоғары колледждерде) білім алушылар;
  • 3) жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында (ұлттық зерттеу университеті, ұлттық жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы, зерттеу университеті, университет, академия, институт және оларға теңестірілген ұйымдар) білім алушылар.

1. Колледждерге түскен және оқитын тұлғалар үшін конкурсқа қатысу шарттары

  • Қазақстан Республикасының азаматтығы;
  • оқу орнына шартсыз қабылдау немесе білім алу (сондай-ақ білім алушылардың қаржылық берешегінің болмауы);
  • оқу үлгерімінің төмендегі көрсеткішке сай болуы:
    • 1 (бірінші) курсқа түскен тұлғалар үшін негізгі орта білім туралы куәліктің немесе жалпы орта білім аттестатының орташа балы кемінде 4,0 (5,0-ден);
    • мамандық (оның ішінде жұмысшы мамандығын) алған кандидаттың техникалық және кәсіби білімінің дипломы бойынша үлгерімінің орташа балы және білім алушының – алдыңғы оқу жылындағы үлгерімінің балы кемінде 4,5 (5,0-ден).

2. Жоғары оқу орнына түскен және оқитын тұлғалар үшін конкурсқа қатысу шарттары:

  • Қазақстан Республикасының азаматтығы;
  • оқу орнына шартсыз қабылдау немесе білім алу (сондай-ақ білім алушылардың қаржылық берешегінің болмауы);
  • оқу үлгерімінің төмендегі көрсеткішке сай болуы:
    • жалпы орта білім аттестатының орташа балы ҚР БҒМ белгілеген ең жоғары мәннен 80% кем емес және (немесе) ҰБТ/КТ* сертификатының ҚР БҒМ*** белгілеген ең жоғары мәннен 60 % кем емес мәнге сәйкестігі.
    • бакалавриаттың 1 (бірінші) курсына түскен кандидаттың (колледж, училище және т. б.) диплом бойынша үлгерімінің орташа балы 4,0-ден кем емес (5,0-ден);
    • бакалавриаттың 1 (бірінші) курсын аяқтаған кандидаттар үшін GPA кемінде 3,0 (В);
    • бакалавриаттың 2-3 (екінші, үшінші) курстарын аяқтаған кандидаттар үшін GPA кемінде 3,33 (В+)**;
    • жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кез келген курсында білім алушылар үшін GPA кемінде 3,33 (В+)**.
  • үміткердің мемлекеттік/ орыс/ағылшын тілдеріндегі мотивациялық хаты, кем дегенде 2 бетте (кем дегенде 4000 (төрт мың) белгі) эссе болып табылады, онда кандидат өзінің академиялық мүддесі, тәжірибесі мен жетістіктері, өмірлік ұстанымы мен мақсаттары, білім беру бағдарламасы мен ЖОО-ны таңдау себептері туралы баяндайды (тек шетелде "магистр" дәрежесін алу конкурсына қатысушылар үшін). Мотивациялық хат үш басты сұрақтың жауаптарына негізделуі, бірақ онымен шектелмеуі тиіс:
    • Мен осы мамандықты неге таңдап алдым және таңдалған мамандықтың оқу бағдарламасына оқуға түсуге неге шешім қабылдадым?
    • Мен таңдалған бағдарлама бойынша білім алуға неге лайықтымын?
    • Менің тәжірибемнің ерекшелігі, бірегейлігі немесе әсерлілігі неде?;
  • кандидат туралы пікір білдіретін (оның ішінде ғылыми жетекшінің мемлекеттік/орыс/ағылшын (таңдау бойынша) тілдерінде 2 дана көлеміндегі ұсыным хаты (тек шет елде "магистр" дәрежесін алуға арналған конкурсқа қатысушылар үшін).

* Комиссия конкурс өткізілетін жылы ҰБТ және КТ форматына қатысты ҚР Білім және ғылым министрлігінің жаңалықтарын ескере отырып, ҰБТ, КТ қатысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу құқығын өзіне қалдырады.

** Білімді бағалаудың өзге жүйесі жағдайында оқу бөлімімен расталған GРА 3,0 не 3,33 эквивалентті үлгерім туралы анықтаманы (жоғарыда көрсетілген жағдайда) ұсыну қажет.

*** Халықаралық стандартталған SAT (Эсэти-САТ), ACT (ЭйСиТи), IB (АйБи), GRE, GMAT тестілерінің сертификаттары болған жағдайда ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығымен бекітілген Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларына 2-1-қосымшаға сәйкес баллдарды ауыстыру шкаласына сәйкес ҰБТ/КТ балдарына ауыстырылуы тиіс.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар тізімі:
  1. Колледждерге түсетін және оқитын тұлғалар
  2. Жоғары және (немесе) жоғары білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарға түсетін және оқитын тұлғалар
  3. Өтініш нысаны

2020-2021 оқу жылына конкурсқа қатысуға рұқсат беруге арналған құжаттарды қабылдау және тіркеу 2020 жылғы 10 және 25 тамыз аралығында өтеді.

Электронды өтінішті жоғарыда көрсетілген мерзімде grant.kazenergy.com сайтында толтыру қажет.

сайтқа өтініш беру тәртібі

Кандидаттардың құжаттары қабылдау аяқталған күннен бастап 20 (жиырма) күнтізбелік күн ішінде қаралады.

Іріктеуден өткен кандидаттардың тізімі Комиссияның хаттамалық шешімінің қорытындысы бойынша «KAZENERGY» қауымдастығының сайтында жарияланады.

Барлық сұрақтар бойынша 8 (7172) 79 49 75 телефонына, сондай-ақ candidate@kazenergy.com эл. мекенжайына хабарласуларыңызды өтінеміз.