Мұнай Brent: 89.2930 от 27.04.24 (18:18)
«Student Energy Challenge»

Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізілуіне (Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың Жарлығы) байланысты COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуын болдырмау бойынша алдын алу шараларын қабылдау мақсатында «KAZENERGY» қауымдастығы және «Шелл Қазақстан» компаниясы қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттік командаларынан «Student Energy Challenge» байқауына қатысуға өтінім қабылдау мерзімін 2020 жылғы 20 сәуірге дейін ұзартатыны туралы жариялайды.

Байқауға қатысу туралы өтінімді «KAZENERGY» қауымдастығының сайтына мына сілтеме бойынша беруге болады: http://kazenergy.com Басты бет→ Қызметтер→ Білім беру бағдарламасы → Байқаулар→Student Energy Challenge → Тіркеу нысаны.

Байқауға бакалавриат және магистратура бағдарламасы бойынша оқитын барлық курстардың студенттері қатыса алады. Байқау V кезеңнен тұрады, әрбір жоғары оқу орнынан бірнеше команда қатыса алады, олардың саны шектелмеген.

Байқаудың барлық кезеңдері сондай-ақ www.kazenergy.com сайтында ұсынылған.
Байқаудың жүлде қоры:
1 – орын – 10 000 АҚШ доллары
2 орын – 5 000 АҚШ доллары
3 орын – 3 000 АҚШ доллары

Тіркелу және Байқауды ұйымдастыру мәселелері бойынша +7 7172 790174 телефонына немесе sech2020@kazenergy.com e-mail бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз.

Байқаудың келесі кезеңдерінде қосымша өзгерістер болған жағдайда осылай алдын ала хабарланады.
Байқауға тіркелу аяқталды

Wind Of Change командасы, Назарбаев Университет

Қатысушы командаға байқауда қандай мәселеге назар аудару керек?
Осы байқауға қатысу толыққанды жобаны құруды/іске асыруды білдіреді, демек, қатысушылар жұмыс жоспарын құрып, өз жұмысын жоспарлауы тиіс. Оны құрған кезде мына тәуекелдерге назар аударған жөн: форс-мажор жағдайлары, команданың бір мүшесінің өз жұмысын істеп үлгермеуі немесе командаңызға қатысы жоқ қандай да бір фактор әсер етуі мүмкін (мысалы, ғылыми жетекшінің күтпеген іссапары). Команда мүшелерінің күшті жақтарын ескере отырып жұмысты әділ бөлу сияқты project managment'-тің базалық қағидаттарына да назар аудару керек. БАЙҚАУ ЕРЕЖЕСІН ОҚЫҢЫЗ. Команда мүшелерінің ережені/талаптарды көңіл қойып оқымағандықтан қателіктер жіберуі жиі кездеседі. Сұрақ қоюдан қысылмаңыз.

Осы байқауда сізде, командаңызда қай жұмыс сәтті шықты?
Қандай да бір кезеңдерді бөліп айта алмаймын, өйткені біз әр кезеңге бар күшімізді салуға тырыстық. Видеорезюме кезеңі көңілді болды, себебі біз креативтік қасиеттерімізді көрсете алдық. Репорт жазу кезеңі қиын болды, өйткені команданың әрбір мүшесі еңбек тәжірибесінен өтіп жүрген және әрқайсысы әртүрлі ұйымда болды. Видеопрезентация жасау жаңа әдіс болды, ал қорғауға даярлық - бәсекелестік күшейіп, эмоциялар шарықтау шегіне жеткен кездегі финалдық ұмтылысымен ерекше болды.

Байқауда (немесе байқаудың қай кезеңінде) командалар неге күш салулары керек?
Меніңше командаларға жазғы кезеңде қырағылықты жоғалтпау керек. Жаздың ортасында жобаның паспортын жазу керек, бұл кез келген жоба үшін маңызды шаруа, дәл сол кезеңде дедлайндар арасында үзілістер көп, сол себепті студенттерде концентрация әлсіреп, босаңси бастайды, ал уақыты келгенде паспорт үшін пайдалы деректерді ұмыт қалдырып, тиімсіз жұмыс істей бастайды.

Команда капитаны
Әсет Байсалов
Инженерия Мектебі, Электр-техникалық және электронды инженерия, 3-курс



«24 Element» командасы, Қ. Жұбанов ат. Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

«Student Energy Challenge » байқауынан алған әсерлерімді бөліскім келеді. Бұл – барлық студенттер үшін тамаша тәжірибе болды! Мен «24 Element» командамыздың атынан «Shell» & «Kazenergy» компанияларына, барлық ұйымдастырушыларға зор алғысымды білдіремін.
Болашақ командаларға төмендегілерді ұсынар едім:
1. Көрермендер, төрешілер алдында өнер көрсететін сәтке мұқият дайындалу және төрешілердің сұрақтарына жауап беруге дайындалу.
2. Жартылай финалда және финалда креативті өнер көрсетуге тырысыңыздар.
f42c80d9e4544261.jpg
«Құрметті достар, Қауымдастық атынан және жеке өз атымнан «Student Energy Challenge» конкурсының барлық қатысушыларына шын жүректен сәлемімді жолдаймын. Конкурсты ұйымдастыру біздің қызметіміздің маңызды бағыттарының бірі – адами капиталды дамыту бөлігінде өте маңызды оқиға. Бұл іс-шара дарынды жастарда зияткерлік дағдыларының дамуына жаңа көзқараспен қарауға, өз қатарластарымен тиімді өзара іс- қимыл жасау процесіне студенттердің қатысуын белсендіруге, тәжірибе алмасуға және энергетика саласындағы проблемалы мәселелерді шешудегі инновациялық әзірлемелерді табысты көрсетуге мүмкіндік беретініне сенімдімін. «Шелл» компаниясына ынтымақтастық үшін алғысымызды білдіреміз. Осы жоба, осы жылғы форум мазмұнды контентпен және қызықты кездесулермен есте қалатындығына, перспективалы идеялар мен бастамаларды ілгерілетуге себеп болатындығына үміттенеміз.»

Ұзақбай Қарабалин
«KAZENERGY» қауымдастығы Төрағасының орынбасары

5873333333.jpg
«Біз бұл конкурсты «KAZENERGY» қауымдастығымен серіктестікте бастамашылық ету және қаржыландыру туралы шешім қабылдағанымызды мақтан тұтамыз, өйткені біз энергетиканың болашағы жас ұрпақтың қолында екендігінде сенімдіміз. Олардың тамаша идеялары бар және олар планета мен қоғам алдында тұрған міндеттерді, бастысы – жаһандық энергетикалық дилемманы энтузиазммен және терең түсінеді. «Student Energy Challenge» конкурсы барысында келіп түскен жобалық идеялардың сапасы жоғары деңгейде болды, бұл Қазақстанның жаңа ұрпағының дарындылығын көрсетеді. Осы конкурсқа қатысу тәжірибесі барлық қатысушылардың өз идеяларын әрі қарай дамытуға және нақты шешімдерге айналдыруға ынталандырады деп үміттенеміз».

Оливье Лазар
Қазақстандағы «Шелл» концернінің Төрағасы мен Вице-президенті